Ел есінде қалған естеліктер!


        Соғыс кезіндегі ел есінде қалған батырларымыз, батыр қыздарымыз отан үшін, біздің болашағымыз үшін кұрбан болған , ерлікпен қаза тапқан тұлғаларымызды ұмыт қалдыру мүмкін емес. Олардың  батылдығында, патриоттылығында шек жоқ шығар, сірә! Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары,олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес,бұл - бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі деп білемін.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмыт қалмақ емес. Соғыс - күйретуші күш, әрине, барды жоқ ететін, тауды жер ететін,жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп елестететін газет -журнал материялдары немесе радиотелехабарлар, кинолар ата-бабалар ерлігін мақтан тұта бізге жеткізеді.Ұлы Отан соғысы -  сол кездегі ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн екені белгілі. Қазақ халқы  Отан сүйгіштік, патриоттылық ұғымының мәнін дәлелдеп кеткендей, кез-келген жас ұрпаққа еріксіз ой қалдырары сөзсіз.
Сол сұрапыл соғыстағы деректерге тоқталар болсақ: «Ұлы Отан соғысы тарихындағы қаһарман қала – Ленинградты қорғаудағы және азат етудегі кеңес халқының ерен де ерлікке толы батырлығы ерекше. 1941жылы қыркүйек айында фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, қаланы бірден басып алмақшы болды. Алайда кеңес әскері жаудың бұл әрекетіне қарсы тұра білді,бұған  жауап ретінде жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, қаламен барлық байланысты үзіп тастады. Фашистердің ойынша аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер күн сайын бомбалап, қаланы жарық, жылусыз қалдырды. Қалада азық-түлік жетіспей аштық басталды. Соған қарамастан  Ленинград қаласы 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ленинград қаласы орталықпен тек қана бір жол арқылы байланыс жасады, жау мұны күтпеген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол еді. Осы жолды ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атаған болатын. Бұл жолмен күнде қалаға жүк машиналарымен азық-түлік, оқ-дәрі тасылды, қайтар жолда олар науқас, кәрі адамдар мен балаларды алып қайтатын. Жолды кеңес әскері күні-түні күзетіп, жауға бермеді.
1944 жылы ғана жаудың қоршауын бұзып, кеңес әскері оны қаладан ығыстырып, қуып тастады. Қазақстандық  310, 314 атқыштар дивизиясы Ленинград үшін болған шайқастың басынан аяғына дейін қатысты. Әйгілі шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова сияқты қыздарымыз ерлікпен қаза тапты. Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып қаза болған Сұлтан Баймағамбетов сияқты батырларымыздың ерлігін қалай ұмытарсың?!»
1945 жылы  9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин төбесіне Жеңіс туын тікті. Олардың  ішінде Рейхстаг үстіне бірінші шыққан Р.Қошқарбаев болды. Бір өкініштісі Кеңес өкіметі Рейхстаг үстіне ту тіккен орыс пен грузин болуы керек деп Р.Қошқарбаевтың ерлігін жасырып, мойындамай қойды. Ұлы Отан соғысы 1945 жылы аяқталып, Германия өзінің жеңілгендігін мойындағанымен Екінші дүниежүзілік соғыс әлі аяқталған жоқ еді. Германияның одақтасы Жапонияға қарсы соғыс 1945 жылдың қыркүйегіне дейін созылып, Екінші дүниежүзілік соғыс, 2-қыркүйекте Жапонияның тізе бүгуімен аяқталды. Соғыс жылдары капитан Н.Ф.Гастеллоның ерлігі саналып, ұзақ уақыт бойы ұмыт қалған Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі халқымызбен қайта табысты. Б.Бейсекбаевқа Ресей Федерациясының Батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының батыры атағын алса, оның 497-сі қазақстандықтар, ал 97-сі қазақтар болған. Қазақстандықтар үшін Кеңес Одағы батыры атағын ең бірінші болып 19- шы танк дивизиясының генерал майоры К.А.Семенченко алды.Батыр атағын екі мәрте алған 4 қазақстандық бар.Олар: Т.Бигелдинов,Л.Беда,И.Павлов,С.Луганский.Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова,атқыштар С.Баймағамбетов,И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер,миномеші Қ.Спатаев,кавалерист М.Қатаев, сапер П.Гончар,торпедалы кеменің командирі Б.Ущев,атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин,Бауыржан Момышұлылар бар.Лейтенант Р.Қошқарбаев,Б.Чупрета,взвод командирі К.Метов,минометші А.Бақтыгереев,пулеметші П.Вицько,К.Волочев және т.б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған біздің мақтаныштарымыз.Бұл тұлғаларымыздың есімдерін атап кетпеу мүмкін емес.Әр бірінің ерен ерліктері біздің осындай бейбіт өмір сүруімізге үлкен әсерін тигізді.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады. Ұлы Отан соғысы халықтардың достығын ұштады. Жеңіс КСРО-ның болашағына төнген отарлық қауіптен құтқарды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді. 
Осы Ұлы Отан соғысына біздің мектеп түлектері де қатысты. Олар туралы дерек біздің мектебіміздегі «Әскери Даңқ» атты мұражайда сақтаулы.  «Әскери Даңқ» мұражайы 1967 жылдан 2003 жылға дейін Н.Островский атында  болды. Ал мектебімізге «Халел Досмұхамедов» аты 2003 жылы берілген болатын.  Ендігі кезекте мұражайымыздың тарихына көз жүгіртер болсақ, онда  батырларымыздан қалған естелік хаттар мен қарулар мұражайға беріліп,сақталған және әлі де сақталып келеді.Бұлар біз үшін мақтан тұтарлық қымбат естеліктер болып қалмақ.Бұл мұражайдың ашылуына мектеп түлектері барын салып,зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соғысқа қатысушы батырларымыз жайлы ізденіп, көп еңбектенді.Мұражайдың ашылуы «Ешкім де,ештеңе де ұмытылмақ емес» атты ұранмен құрылған болатын. Тіпті мұражайымыздың ашылуы жөніндегі арнайы жазбалар мен  ескі суреттер де жасалған. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысына қатысушы түлектерімізді еске ала отырып,кейінгі ұрпаққа аманат ретінде оқушыларға арнап ардагерлерімізді шақырып, концерттер ұйымдастырады. Халел Досмұхамедов атындағы «Әскери Даңқ»  мұражайымыздағы үлкен естеліктерден және хаттардан үзінді алып,еске алатын болсақ, Катяның әкесіне жазған мына хатында:                                
  «Қымбатты, әке! Мен сізді қатты сағындым,сізге деген мақтанышымды,сағынышымды айтып жеткізу мүмкін емес.Мен бүгін 15 жасқа толып отырмын және бүгінгі күн мен үшін ең соңғы күн болмақ. Бұдан артық бұл сұмдықты,азапты көруге шыдамым жетпес... Ал анама келетін болсам, анам жазықсыз жау қолынан қаза тапты.Сіз оралып анам үшін,мен үшін кек аларсыз деп үміттенемін... Ыстық ықыласпен сүйікті қызыңыз Катя.» Осындай жүректі тебірентер ыстық хаттан көзге еріксіз жас келері сөзсіз. Сонымен қатар сол хаттарымыздың бірінде өзінің сүйікті жұбайына жазған хат та бар екен. Ол хаттан үзінді алар болсақ: « Қымбатты Тотя! Мен барлықтарыңды  қатты сағындым.Мен бұл жақта барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап жүрмін.Әрине, маған өте ауыр,бірақ мен шыдаймын.Егер сен осы хатымды оқып отырсаң мен сендерді қатты жақсы көретінімді ұмытпаңдар.Барлығын менің атымнан сүйіп қой. Мен ораламын...»  деп жұбайына деген ыстық ықыласын білдірген. Және де мұражайымызда сақталған  мына бір хатта: « Қымбатты досым! Мен қазір майдан да өз міндетімді атқарып жүрмін,бірақ сені ешқашан ұмытқан емеспін, менің адал досым.Біз әлі де көрісеміз.»  деп өзінің досына деген сағыныш сезімін баяндаған.Осы сынды достық,туыстық тақырыбындағы хаттар да, ішкі жан дүниесін, сағынышын жеткізу мақсатында бір ғана өлең жолдарымен жеткізген хаттарымыз да бар. Осындай хаттарды оқып отырып соғыс кезіндегі ауыр кезеңді елестетуге болады.
  Сонымен қатар мұражайда медальдармен марапатталған тұлғаларымыздың  өмірбаяндары,медальдары,неміс солдатының қолданған каскасы,совет солдатының каскасы,солдат ремені, Авиациялық бомбалар және снаряд гильзалары сақталған.Мұның бәрі біз үшін үлкен абырой, мақтаныш екендігі бәрімізге мәлім.Сондай-ақ мақтанышпен тоқталып кетер тұлғамыздың бірі Совет Одағының батыры, біздің мектептің түлегі Н.П.Чунтонов жайлы да  көптеген деректермен таныса аламыз.Оның майдандағы заттары,комсомолдық  билеті және ең бастысы Н.П.Чунтоновтың сол кездердегі киген әскери киімі де бізде сақталған.Сонымен қоса Алпысбаев Бақыт Алтынбекұлы жайлы мәліметтер де бар.Ол туралы толығырақ айта кетсек, 1962 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында қарапайым отбасында дүниеге келгендігі айтылған.Отбасында 5 әпкесі және өзі. Үйленген, әйелінің аты Меруерт, қызы - Жанат.Әкесі Алпысбаев Алтынбек Алпысбекұлы чекиот болған. Анасы-Алпысбаева Тұрар Исабекқызы, үй шаруасында.Бақыт Алтынбекұлы ішкі істер органдарында жұмыс жасап, 1984 жылы ішкі істер басқармасының өртке қарсы күзет бөлімінде инженер болып жұмыс істеген.Бұл уақытта ол өзін еңбекқор, жұмысын адал атқарушы қызметкер етіп көрсете білді.Қызметін орындау кезінде небәрі 26 жасында көз жұмды.Оның бұл ерлігін мақтан тұта тарихымыз да ,жадымыз да мәңгі сақтауға міндеттіміз деп білемін.Бақыт Алпысбаевтың құрметіне мұражайымызға оның суреттерін, ол жайлы мағлұматтарды,оны еске алып, мақтанышпен айту мақсатында орнатты. Мұның бәрі жас ұрпақ үшін үлкен естелік болмақ.
Еске алар естеліктеріміз ешқашан ұмытылмақ емес. Мұражайымыздағы ержүрек  Аксенов Ф.Ф, Калачев А.С, Кущев И.И, Огнев В.Г,Шапин В.И. сынды тұлғаларымызды мақтан етіп айтар едім.Олар соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында қаза тапты.Олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақтарымыз да бағалау  үстінде. Көк аспанымыз әрдайым ашық болуы үшін барлық күштерін сарп еткен азаматтарымызға мың да бір алғыс айтамыз. Қанша мақтап, мадақтасақ та жеткіліксіз болар еді.Олар туралы мұражайды аралап, көптеген мәліметтерге қанық болғанымыз өзімізге де үлкен пайдасын тигізеді.Оқушыларымыз да тың мәліметтер жинап, рефераттар шығарып, суреттер жинағын жасап, өз ой-пікірлерін жазып қалдырып, өз үлестерін қосуда.Бұл бізге үлкен үміт береді.Сонымен қатар мектебімізде атап өтілген «Ұлы Жеңісімізге 70жыл» атты ардагерлерге арналған іс-шаралар өтілген. Мұражайымызға келген қонақтарды таныстырып, мектебіміздің еңбектерін көрсету біз үшін биік-биік жетістіктердің бір шамасы.Сонымен қоса мұражайда соғыс жылдарын баян ететін  ескі газеттер мен журналдар сақталған.Оны оқудың өзі мақтаныш, әрі абырой. Және мұражайда Жас тимуршылар, Отан үшін от кешкендер,Отан үшін шайқасқандардың суреттері де орнатылған.Оларға алғыс айту мақсатында берілген мадақтамалар мен силықтар да бар.Ал 2015 жылы мұражайға «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар», «Ер есімі-ел есінде» деген тақырыпта Халел Досмұхамедов атындағы жалпы орта мектепке келген ардагерлердің сөздері мен ескерткіш жанында түскен суреттері де қойылды.   Мұражайымыздың басым бөлігі негізінен Ұлы Отан  соғысына қатысқан мектебіміздің түлектеріне арналған. Ардагерлеріміздің құрметіне жасалған әрбір іс өзіміз үшін де пайдасын тигізер іс болады, әрине.Ардагерлерді құрметтеу, силау, қамқорлық көрсету біздің борышымыз деп білемін. Әрине, уақыттың тоқтамай зымырауы көптеген ардагерлерімізді сиретіп барады, бұл бізге ой саларлық жайт, сондықтан да оларды бағалауды ұмытпайық, ағайын!
Мұражайымыз жайлы сыр шертуіміз, оны басқаларға таныстыруымыз өткенге бір саяхат жасатқандай.Біздің өткеніміз бен бүгініміз тығыз байланыста.Сондықтан да оқушыларымыз тарихымызды мақтан тұта ізденіп, зерттеп, біраз мағлұмат алып,«Әскери Даңқ» мұражайына өз үлестерін қосуда.Оны ары қарай дамыту мақсатында мектебіміздің алға қойған бір талай жоспарлары да бар.Оларды айта кетер болсақ,мектебіміздің үлкен өзіндік орны бар тарихына арнап  кітап жазып шығару және де оқушылардың жұмыстары мен идеяларын жүзеге асыру.Алға қойған осы бір жоспарларды орындау мақсатында көптеген  жұмыстар жүргізілуде.Мұның бәрі болашағымыз үшін екені айдан анық.Ал болашағымыз үшін қазірден бастап еңбектену керектігі барлық жастарымызға мәлім.
Болашаққа сенім арта білейік,
Тек бүгінгі күнмен өмір сүрмейік.
Жандандырып, елімізді құрметтеп,
Құр қиялсыз еңбектене білейік!
Бар ойлаған,алға қойғам мақсатымызға жету үшін бірінші кезекте ақылмен жұмыс істеп,еғбектене білейік!!!
Бауыржан Момышұлының мына бір қанатты сөзіне тоқталмай кету мүмкін емес шығар     «Соғыс-халықтың күш қуатын, ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан» Осы бір ауыр емтиханнан сүрінбей өткен батырларымызға жасалған істеріміз де игі іс болып қалмақ.Бауыржан Момышұлының қалдырған әрбір қанатты сөздері қазіргі таңда үлкен маңызға ие болып отыр.     «Ерлік –елдің қасиеті»,     «Ешкім іштен батыр болып тумайды батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланыствы қалыптасады»,    «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел- құл болмайды»,    «Тәрбиелі-тәртіптің құлы, Тәртіпті-елдің құлы»,    «Ерлік-тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады»,    «Өршіл рухтан-өлмес ерлік туады», «Ептілік те-ерлік»,«Қолбасшы болсаң сондай бол-жосылып жатқан жолдай бол», «Қайратыңа-әдісіңді жолдас ет, әдісіңе-жоллыңды жолдас ет.»,«Қайрат етер кезінде-жүк көтерер нардай бол, Ақыл айтар кезіңде-жүз жасаған шалдай бол»,    «Ылғи алтын іздеме-шоұтың бәрі от болмас»,    «Жерге-тер төгіп,халыққа-қан төгіп қызымет етуден тайсалма!»,«Ер бақыты-ел қолында»,«Ердің туы-намыс»,«Атақ-ерге сауға,олжа-елге сауға,олжа елдікі,оған тимегін.»,«Ерлік-елеусіз қалмас»,    «Ердің Еділ тобығынан келмейді»,«Жауды өлтірсең-өлімнен құтылдың,Өлтірмесең-өлімге тұтылдың».    «Намысты нанға сатпа»,    «Соғыстың заңы-өте қатал заң»,    «Берік болмай ерік болмас»,    «Қиын  сәтте тізгініңді босатпай,шапшаң да шебер қимылда»,«Ұрыста тәуекел ету де-ерлік»,«Әрқашан әскерипр-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол»,«Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ»,«Жауынгерлік борышыты өтеу-жеңіспен бірдей», деп айтылған қаншама нақыл сөздері есте қалып,сабақ боларлықтай ой салары сөзсіз. Ағамыздың кереметтей сөздерінің астарында жатқан ұлылықты басқаша қалай айтып жеткізейік?! 
Батырларым ержүректік танытқан,
Жүрегіне елін,жерін сақтаған.    
Қиын сәтте қиналсада шыдаған, 
Мектебімнің түлектерімен мақтанам!
Сұрапыл кезең,қанды шайқас болса да,
Бір сескенбей, бір мақсатқа тоқталған.
Отан үшін жанын берген батырым,
Мен сенімен, мен сенімен мақтанам!!!
  Мына өлең жолдарымен өз мақтанышымды жеткізгім келеді. Бұл өлеңнің туындауына да септігін тигізген, сендердің баға жетпес ерліктерің.Әрбір жанға рух беріп,үміт силап,болашаққа деген сенімді арттырғандарың үшін сендерге мың қайтара тағзым жасасақта аздық болар. Соғыс уақытындағы азаматтарымыз жайлы мәліметтер,олардан жеткен әрбір естелік біз үшін өте-өте маңызды. «Әскери Даңқ» мұражайындағы бізге тансық мәліметтерді оқып,арықарай жүйелеп,мейілінше маңызды деректерді оқушыларға танстыруға тырысамыз.Сол себепті де оқушыларға сынып сағаты,өткен тарихымызға саяхат,мұражайымызды оқушыларға таныстыру секілді іс-шаралар орындалып тұрады. Сонымен қоса оқушыларға берілетін тапсырмалар мен талаптарда қойылады.Мысалы белгілі бір соғыс кезінде пайдаланылған қаруларды қазіргі қару түрлерімен байланыстрып, көптеген мәліметтер жинақтау немесе белгілі бір тұлғаларымыз жөнінде шығарма,эссе,қандай да бір тың мағлұматтарды ізденіп жазу.Негізінде мұражайымыздың басты бағыттары мектеп тарихы, ұстаздар мен түлектер туралы мәліметтер жинағы және де стендтердің жасалуы, ұстаздар мен жастарымыздың ардагерлермен кесдесуі.Мектеп мұражайын арықарай да кеңейту мақсаты оқушылардың санасына адамгершілік, рухани байлық,патриоттық тәрбие, әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүрін құрмет тұтатын эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына ықпал жасау. Осы қағидаларамыз әрқашан да басты назарда ұсталып келеді.Және арықарайда осы қағидаларды ұстау біздің міндетіміз.
«Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр» деп ұлы тұлғамыз Мұхтар  Әуезов айтқандай бұл да бір мәдениетіміздің бір бөлігі.Қарқынды жұмыс жүргізу мақсатында алда жетер үлкен белестерімізге бір қадам жақындауға ат салысайық! Ата-бабаларымыздың ерліктері елусіз қалмауы үшін мұражайларымыздың қарқынды дамуы, келешек ұрпаққа үлкен мұра ретінде қалады.                                  
  Еркіндікте,бейбіт өмір сүруіміз үшін күрескен тұлғаларымыздың елімізді,осындай байтақ жерімізді аманат етіп, келешекке үлкен үмітпен қарап, бізге сенім артты. Сол бір үлкен сенімін ақтау үшін «Аманатқа қиянат жасамай» үміттерін ақтау мақсатында барымызды салайық.Батырларымыздың ерліктерін ешқашан ұмыт қалдырмайық жас ұрпақ! Ал оны ұмыт қалдырмау осы бір «Бейбітшілік»,    «Еркіндік» секілді қарапайым ұғымлардың мән-мағынасын терең түсініп, ұғына білейік.Алға нық қадам басып, басымызды биік көтеріп, білімді де жігерлі ұлт болайық.Сонда ғана барлық биік-биік белестерді бағындырып, болмасты болдырып,естіместі естіртіп баға жетпес құндылықтарға қол жеткізіп,барлық жетістіктерге жете аламыз.Бастысы бірлікті,достықты ұмыт қалдырмай бірлігі жарасқан ел болайық. Осы күнге жетуіміздің астарын болашақ ұрпақтарымызға айтып,жеткізіп жүруді ұмытпай, барымызды бағалай білейік.Тарихымыз кітаптарда ғана емес, жадымыз да,жүрегіміз де мәңгі сақталғай. Үлгі тұтар қайраткеріміз,еліміздің қарқынды дамуына ат салысқан,болашаққа жол ашқан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай мәңгілік ел болайық    !!!
Әбір жас өзінің тарихына шолу жасап,қызығуы тиіс және дамуына өзіндік бір үлесін қосып,өз ойын нақты әрі айқын жеткізе білу керек деп сөзімді қортындылар едім. 
Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы  үшін азаматтық жауапкешілікке,елін қорғауға әзір болу рухын берді.Олардың ерлігі үшін бас иіп, тағзым ету біздің парызымыз болып қалмақ!!!